21:30 Әрі қарай эфирде: «Экспорт интеграции. Экономический пояс Шелкового пути» документальный фильм
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Оскар» тарихы

«Оскар» тарихы

Тарихы 1929 жылдан бастау алған «Оскар» марапаты бүгінде жиырма төрт негізгі және бірнеше қосымша номинация бойынша табысталады. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі жыл сайын екі жүзден артық әлем елдерінің тікелей эфирінен көрсетіледі.

Алғашқы «Оскар» марапатын тапсыру рәсімі 1929 жылы 16 мамырда өткен. Он бес минутқа ғана созылған кеш барысында он екі санаттағы жеңімпаз анықталып, «Қанат» (Wings) картинасы үздік фильм атанды.

Киножүлденің басты атрибуты «Оскар» мүсінінің дизайны Седрик Гиббонстың Metro Goldwyn Mayer көркемдік жетекшілігімен 1928 жылы жасалған. Джордж Стэнли есімді мүсінші ойлап тауып, режиссер және сценарист, әрі актер Эмилио Фернандес модель болған. 

Алғашында «Оскар» атауы мен мүсіні болмай, 30-шы жылдардан бастап «Оскар» атауы ресми түрде бекітілген. Бірнеше категория («Үздік арнайы әсерлер», «Шетел тіліндегі үздік фильм», «Үздік көркем фильм» және басқалар) арқылы жеңімпаздарды таңдау үшін Америкалық киноакадемиясынан арнайы комитет құрылды. «Оскар» жүлдесінің иегері дәстүр бойынша арнайы салтанатты рәсім үстінде хабарланады. Бұл – кино мен оның майталмандары үшін ерекше рәсім.