16:40 Әрі қарай эфирде: Құрмаш Махановтың «Беу, туған жер!» атты ән кеші
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

РИНАТ ДУМАНҰЛЫ

РИНАТ ДУМАНҰЛЫ

«7 күн» апталық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі

Ринат Думанұлы Кертаев 1983 жылы 23 сәуір күні Жамбыл облысында дүниеге келген. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Қоғаммен байланыс» мамандығын бітірген. «Хабар» Агенттігіндегі еңбек жолы 2006 жылы қазақ тіліндегі ойын-сауық бағдарламалар редакциясының продюсері ретінде басталады. 2010 жылдан 2011 жылға дейін жаңалықтар бөлімінде сарапшы-редактор болды.  

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығы, «Баспа және ақпаратты дамытудағы еңбегі үшін» ТМД Парламентаралық Ассамблеясының төсбелгісімен марапатталған, сондай-ақ ҚР Президенті Грантының иегері. Бұған дейін «Хабар» арнасының директоры қызметін атқарды.

2016 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Ринат Кертаев «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды.