×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 94

Статьи

БАҚ – билік пен халық арасын жалғайтын алтын көпір

БАҚ – билік пен халық арасын жалғайтын алтын көпір

БАҚ саласында қалам сермеп, микрофон ұстап жүрген журналистер – билік пен халық арасын жалғайтын алтын көпір. Төртінші билік өкілдері әлеуметтің әлеуетін жақсартуға, елдің түйіткілді мәселесін шешуде атқарып отырған ролі үлкен.

Ақпарат майданының сарбаздары ретінде өңірлер мен әлемнің барлық аймағын қамтитын біздің агенттік тілшілерінің еңбегі орасан екені даусыз.  

«Хабар» тілшілер қосындары Берлин, Бейжің, Брюссель, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Рим, Ыстамбұлда, Оңтүстік Кореяда табысты жұмыс істеуде. Тәулік бойы тыным таппай еңбек етуге деген құлшыныс олардың қоғамда қадірлі, қызметте абыройлы болуына жол ашты.

Ал маусым айының 28-ші жұлдызы – дәл осы журналистер қауымының еңбегі бағаланатын күн. 

Жылдам әрі айшықты ақпараттарымен жаңалықтың жаршысы болып жүрген «Хабар» АҚ-ның ойы ұшқыр, қаламы қарымды журналистерін төл мерекелерімен құттықтаймыз. Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!