ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Ничего личного»

«Ничего личного»

Жаңа маусымда телекөрермендерімізді қызықты телехикаямен қуантпақпыз. Сериалдың атауы қандай, мазмұны не жайында, актерлік құрамда кімдер бар екенін анықтау үшін біркүндік түсірілімін көріп қайттық.

Комедиялық жанрдағы телехикая «Ничего личного» деп аталады. Ол орыс және қазақ тілдерінде қатар жүреді. Оқиға желісі ақша мен дүниеге құныққан  ерке баласын жөнге салмақ болған әкенің әрекеті, өмірін қайта бастамақ болған жігіт және сезім мен сырға толы ғашықтық хикаялармен қатар өрбиді. Негізгі идея адам бойынан махаббат пен мейірім табылса, әлемді өзгертуге болатынын жеткізгісі келеді.

Басты рольдерде танымал актер Ақыш Омар, Бибігүл Сүйіншалина, Шер Әлі мен әнші Луина да бар. «Ничего личного» хикаясын сапалы етіп жасау үшін түсірілім тобының жартысын Мәскеуден арнайы шақыртыпты.

Туындының түсірілімі аяқталуға жақын. 14 сериялы көркем фильм қыркүйек айында көрермен назарына ұсынылады. Жаңа маусымдағы телехикаяны біздің арнадан бірге тамашалайық!