Статьи

Режиссерлар

Режиссерлар

Телевизия – түрлі сиқырға толы ерекше әлем. Оның табиғатын түсінген адам ғана онда қалтқысыз еңбек ете алады.

Диктор, журналист пен оператордың қызметін барлығы жақсы біледі. Ал телережиссер деген кім? Оның міндеттері мен негізгі жұмысы қандай?

Білгіңіз келе ме? Онда «Хабардағы бір күн» айдарының келесі кейіпкерлері де тап осы режиссерлар болмақ.

Оларды бағдарламаның, тікелей эфирдің «жан бітірушісі», «қолдаушысы» деп те атайды. Үнемі тың идеялар мен ізденіс үстінде жүреді. Өйткені режиссура – өзіне тән ерекшелігі жетерлік, қиын да қызықты өнер.   

20 жылдық тарихы бар «Хабар» арнасында тартымды, тағылымы мол дүниелер жасауға ұмтылатын режиссерлар жетерлік. Олардың әрқайсысы телекөрермендер көңілінен шыққан ең үздік хабарларды ұйымдастырып, қарым-қабілетін жұмсаған. 

Телеарнаның нағыз шығармашылық маман иелері бағдарламаларды қалай дайындайды? Арна режиссерларының сырын назарларыңызға ұсынамыз!