Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын жаңа 2015 жылмен құттықтады - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын жаңа 2015 жылмен құттықтады

Құрметті қазақстандықтар! Отандастарым! Санаулы минуттардан кейін біз Жаңа жылды қарсы аламыз. Жаңа жыл – баршаға жан шуағын сыйлайтын жайдары мереке. Жыл сайын біз оны үкілі үмітпен, игілі тілекпен қарсы алып, толайым табыспен шығарып саламыз. Әлемдік экономикадағы бүгінгі қиындыққа қарамастан биыл да әл-ауқатымыз арта түсті. 

Өтіп бара жатқан жыл дамудың келесі кезеңіне бастайтын оқиғалармен айшықталды. Біз алдағы жылы күш-қуатымызды еселейтін ауқымды нарықтың есігін ашамыз. Бағдарымыз белгілі, таңдауымыз айқын! Мақсатымыз биік! Баршаға шұғыла шашатын «Нұрлы жол» бүкіл еліміздің күре тамырына айналды. 

Қымбатты отандастар! Келер жыл – терең тарихымызға құқықтың негізінде берекелі бірлігімізге құрмет көрсететін жыл. Ынтымағы жарасқан халқымыз осы айтулы оқиғаларды лайықты атап өтеді деп сенемін.

Қазақ халқы қой түлігін ежелден құт-берекенің басы деп білген. Ендеше алдағы қой жылы молшылық пен ырысын ала келсін! Еліміздегі әр шаңырақтың дәулеті мен сәулеті артып, татулығымыз нығая берсін! Жаңа жыл құтты болсын ардақты ағайын!

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.