ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Eurovision 2016

Eurovision 2016

Швеция астанасы Стокгольмде өткен Eurovision-2016 ән байқауы аяқталды. Бұл байқауда кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беруінің нәтижесінде 534 ұпай жинаған украиналық әнші Джамала жеңіске жетті.

Джамала байқауда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қырым татарларын депортациялауға арналған «1944» әнін орындады. Алғашында бұл ән Eurovision басталғанға дейін үлкен дауға себеп болған. Алайда ұйымдастырушылар ән мәтінінен ешқандай саяси астар таба алмады. Ал екінші орынды Австралиядан келген өнерпаз Дами Им иеленді. Ресейлік орындаушы Сергей Лазарев үшінші орынға қол жеткізді.

Eurovision-2016 ән байқауына 26 елдің өкілі қатысқан. Байқаудың бірінші жартылай финалына 18 елдің үміткерлері қатысты. Олар сахнада өнер көрсеткеннен кейін ашық дауыс берілді. Осылайша финалға Әзербайжан, Ресей, Нидерланды, Венгрия, Хорватия, Австрия, Армения, Чехия, Кипр, Мальта елдерінің әншілері жолдама алған болатын.  

Ал жартылай финалдың екінші іріктеу қорытындысы бойынша финалға 10 елдің әншісі өтті.  

Айта кетейік, «Хабар» арнасы телекөрермендер үшін Eurovision-2016 ән байқауын тікелей эфирде көрсетті.