Қазақ аруы - 2016 - "Хабар" телеарнасы

Қазақ аруы - 2016

  • Жұма, 11 Наурыз 2016 18:38

Көктем – сұлулық пен жаңа өзгерістер кезеңі. Табиғаттың осы бір тамаша уақытымен тұспа-тұс келетін «Қазақ аруы» байқауы да талай сұлулардың бағын ашып, үлкен өмірге жолдама сыйлайды.

Байқаудың басты мақсаты – тек сыртқы мүсіні ғана келіскен емес, ішкі жан дүниесі де рухани бай, көркем қазақ қыздарын таңдау. Ұлттық салт-дәстүрді жатқа білетін, әдебиет пен тарихты, әдеп мен мәдениетті меңгерген білімді де білікті нәзік жандылардың сынға түсетін сайысы болмақ.

«Жиырма бірінші ғасырдағы қазақ қызының болмысы қандай болу керектігін бүгінгі жастарға үлгі етіп, көрсетеміз. Нағыз қазақ аруы бәсекеге қабілетті, дарынды, талантты, сондай-ақ өте тартымды жан болуы қажет. Ең бастысы білімділігімен көзге түскенін қадағалаймыз»,– дейді жоба продюсері Баян Есентаева.

Осы жылы байқауға қатысамын деп ниет білдіргендер саны 600-ден асып жығылды. Бірақ соның тек 21-і ғана барлық талапқа сай деп танылып, ақтық сында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

«Қазақ аруы» байқауының теленұсқасын 22 наурыз күні «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар!

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.