×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Телехикаялар

«Түн патшайымы»

Адамға өз жүрегінің екінші жартысы қалай, қай кезде, қандай жолмен жолығатыны мүлде беймәлім.

Мүмкін тағдыр осынысымен де қызықты шығар. «Түн патшайымы» телехикаясының басты кейіпкерлері Картал мен Селин де бір-бірін ойламаған жерден кездестіреді. Жай ғана таныстық сезімге ұласып, кейін үлкен махаббат хикаясына айналады. Алайда өмір таңдау жасауға мәжбүрлейді. Тағдырдың бұл кедергісін сынаққа балап, өз жолдарымен кеткен Картал мен Селин 5 жылдан соң қайта қауышады. Осы сәттен бастап оқиға барысы шиеленісе түседі. Себебі Селин 5 жыл бұрынғы ғашығының өгей әкесіне тұрмысқа шығуға ниетті.  

Селиннің рөлін «Ғажайып ғасыр» телехикаясынан жұлдызы жанған белгілі актриса Мерьем Узерли сомдайды. Ал сері жігіт Картал – Түркияда кеңінен танымал Мұрат Йылдырым.

Телехикая 15 сериядан тұрады. Режиссерлері – Дурул Тайлан, Ягмур Тайлан.