Хабар телеарнасы

«Айбын»

«Айбын»

«Айбын» бағдарламасы 2004 жылдың маусым айынан бастап «Хабар» телеарнасында көрсетіліп келеді. «Бостандық пен Тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет» – бұл «Айбын» бағдарламасының негізгі ұстанымы мен идеясы. Мазмұны жағынан жыл сайын тың өзгерістермен көрермендерін қуантып келе жатқан жоба 2016 жылы да жаңа леппен ұсынылуда, жаңа айдарлармен толықты. Бұл жолы көрерменмен тығыз байланысқа толы болмақ.

Негізгі айдар әдеттегідей ҚР Қарулы күштерінің, мемлекеттік шекарашылары мен ішкі әскердің әлеуетін паш етеді.

«Сарбаз сәлемінде» ата-аналар әскердегі ұлының сәлемін естуге мүмкіндік алса, «Хат қоржынында» өздері жолдаған хат арқылы Отан алдындағы әскери борышын атқарып жүрген азаматының туған күніне, мереке күндеріне арналған арнайы құттықтауларын жеткізе алады. Әр көрерменнің хат жолдауға мүмкіндігі бар.

«Сұрақ-жауап» айдарында әр азамат өзінің құқығына қатысты шешімін таппай жүрген кез-келген сұраққа жауап алады. Сауалдардың барлығына мамандар бағдарламамыз арқылы жауап беретін болады. 

«Жаужүрек» халық арасында өз өміріне қауіп төне тұра өзгені қиын жағдайдан арашалап қалған бүгінгінің батырларына арналады. Аталған айдар бойынша да көрермен куә болған жағдайы туралы, өзі танитын жаужүрек жан жайлы редакция нөміріне хабарласа алады.  

Эфир уақыты: әр жексенбі, 9.30-да 

Жүргізуші: Олжас Ыбыраев

Сценарий авторы: Мырзабек Нағашыбекұлы

Редактор: Амангүл Ермекқызы 

Координатор: Әлия Досымбекқызы

Бейнеинженер: Әлімжан Айтбаев

Режиссер: Әлімжан Айтбаев

Оператор: Әлімжан Айтбаев

Продюсер: Асқар Ерболатұлы 

Өндіруші: «Жазира студия» продюсерлік орталығы 

Байланыс: +7 (7172) 55-37-61, 55-37-62   

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында

 

Құрметті телекөрермендер!

«Айбын» бағдарламасының «Хат қоржын» айдарына әскердегі ұлыңыздың туған күніне арналған және мерекелік құттықтаулар мен сәлем хаттарыңызды сарбаздың әскери фотосуреттерімен қоса жолдауларыңызға болады.

Электронды пошта:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Барлық сұрақтар бойынша дүйсенбі-жұма сағат 9.30-19.00 аралығында хабарласуларыңызға болады.