ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Сәтті сауда»

«Сәтті сауда»

Сіз дүкенге бардыңыз, керек заттарды алдыңыз да кассаға қарай бет алдыңыз. Міне, осы сәтте...

Бұған дейін ойын алаңына түскеніңізді ойламаған да едіңіз. Жуық арада сауда алаңының түсірілім алаңы боларына біз көз жеткіземіз. Тек студиядағы бағдарламадан айырмасы көп. Мұнда жоспарлы қойылымдық пландар болмайды. Шынайы өмірдегі тұтынушылар, шынайы жағдаяттар мен викторинаға қатысуға деген қызығушылық - мұның бірі де «Сәтті сауда» жобасының «кілті». Жоба авторлары кез келген көрерменнің ойынға қатысып, өз өрелі танымын сынап көрмектен бас тартпайтынына сенімді.

Оған қоса мұндай «Cash Cab» форматындағы реалитидің телевидениені ұғынықты және қарапайым деңгейге жеткізгенін айтады. Шын мәнінде, көрермендер осындай шынайы және ешбір әзірліксіз жасалған ойындарға жанкүйер болады. Себебі оған қатысушылардың орнында өзі де болуы мүмкін ғой.

Сонымен, кәдімгі супермаркет, кассадағы кезек. Сатып алушылардың біріне режиссер ассистенті келіп, ойынға қатысуға ұсыныс жасайды. Жүргізуші ойын тәртібін түсіндіреді. Викторинаның 10 сұрағына дұрыс жауап берсе, корзинадағы заттардың өтемін жасауға болады. Біріншісі, алынған тауардың бағасына байланысты. Келесі тоғызы қиынырақ, бірақ олар ұтыс көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді. Егер жолыңыз болса, ақша барлық алған тауардың құнын өтеуге жетуі мүмкін.

Ал эфирден кейін «Сәтті сауда» викторинасының жеңімпазын көршілері мен қызметтестері зор ықыласпен қарсы алады!

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында