ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Мақпал Мадиярова

Мақпал Мадиярова

Тілші

 

Нұрлан ағай математикадан «5» қойып бере салып, 68 оқушының  ішінде жалғыз өзім қызыл аттестат алдым.

Қоңыр күзде дүниеге келгем... Жамбыл облысының Қордай деген жерінде... Ата-ана, бауырларым түгел,  толық отбасында тәрбиелендім. Шүкір! 

2002 жылы ауылда Әбіл Нүсіпбаев атындағы орта мектепті 68 оқушы бітірдік. Қызыл сөзге жақын болғаныммен, есеп-қисапқа мүлде жоқ едім. Марқұм ұстазым Нұрлан ағай математикадан «5» қойып бере салып, 68-дің ішінде жалғыз өзім қызыл аттестат алдым.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін де қызыл дипломмен тәмамдадық. Еңбек жолым да сол ҚазҰУ-де басталды. 

22,5 жасқа  келгенде Мұрат Есжан есімді белгілі журналист «Хабар» арнасына ертіп барды.  Аты-жөнін күллі халық білетін Серік Абас-шах мырза стажировкадан өтуге рұқсат бергенде,  Ринат Кертаев «Төртеу түгел болса...»  бағдарламасына өз қарамағына алғанда - ол қуанышты айтып жеткізу мүмкін емес! Бұл 2009 жылдың мамыры болатын. Содан бері «Хабардамын». «Таразыға»,  «Арнайы хабарға» түрлі деректі фильмдер жасадық. Бір жыл болды, жаңалықтар қызметіне, сосын апталық –сараптамалық «Жеті күн» бағдарламасына ауыстым. 

P.S. Мен өз жұмысыма ғашықпын!!!