ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 94

Сәкен Сейітханұлы

Сәкен Сейітханұлы
Тілші
Мектеп бітірген кезде әркім өзіне қажетті мамандықты игерсем деп алдына мақсат қоймайды ма? Міне, мен де сондай бозбаланың бірі болдым.
 
11-сынып оқып жүргенде Абай атындағы ҚазҰПУ-ға оқуға түссем деген ой санамда сайрап тұрды. Универсиетті көзбен көрген емеспін, әпкемнің сол жоғары оқу орнында білім алғанын білемін. Соны есітіп алып, алып-ұшып жүрдім. Сөйтіп болашағымды болжап жүріп, ҰБТ-ның да уақытын жақындаттық. Тап сол кезде қызықтың «көкесі» басталды. Әкем: «техникалық мамандықтарға грант көп екен, оның сыртында ұпайың аз болса да жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндігің бар»,– деп кеңес айтты. Газеттен оқып алыпты. Жаратылыстану пәндеріне қыры жоқ маған бұл сөз қатты жақпаса да, құп көруге тура келді. Өйткені әкенің ақылын алмасқа болмас. Сөйтіп төртінші пән таңдауын физикаға түсірдік. Үлгерімім жаман емес еді. Журнал «төрт» пен «бестікке» толы болды. 
 
Дайындықты пысықтап, сынаққа кіріп шықтық. Қорытындысы керемет болмады. Көңілді көлеңке басса да, жасымауға тырыстым. Анамның қолдауымен Алматыға келіп, құжат тапсырдым. Арада екі ай өткеннен кейін «оқуға түстің!» деген хабар алдым. Арман алдамады. 
Еңбек жолымды 2010-шы жылы өзім туып-өскен жерден бастадым. «Қазақстан-Тараз» телеарнасынан. Одан кейін «СТВ» телеарнасы шақырып,  жүргізуші-редактор қызметін ұсынды. Жұмысымды атқарып жүргенде «Қазақстан» арнасынан шақырту алдым. Ұлттық арнаның жаңалықтар қызметінде 4 жыл еңбек еттім. Ал биылдан бастап «Хабар» агенттігі «7 күн» бағдарламасының тілшісімін. 
 
P.S. Маған сенім білдірген аға-әпкелеріме алғысым шексіз.