ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Айдос Ентебеков

Айдос Ентебеков

Монтаж инженері

 

Жұмысымды жақсы көргенім сонша, аянып қалмадым.

Семей өңірінің тумасымын. 2012 жылы «Хабар» арнасына монтаж инженері болып орналастым.  Бұл – менің өміріндегі жарқын оқиғалардың бірі. Жұмысымды жақсы көргенім сонша, аянып қалмадым.

Бар жігерімді жұмсадым. Небір тіс қаққан тілшілердің, азулы режиссерлердің тапсырмаларын тиянақты орындау үшін барымды салдым. Еңбегім бағаланды. Көп ұзамай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесулері мен іс-сапарлары туралы сюжеттерді монтаждау маған жүктелді. Бұл әрі жауапты, әрі абыройлы міндет мен үшін.

Табандылығымның тағы бір нәтижесі – «Жеті күн» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының шығармашылық тобы мені бағдарламаны түгел жинайтын монтаж инженері ретінде таңдап алды. Аптаны қорытындылайтын салмақты бағдарламаға өз үлесімді қосу мен үшін қуаныш.