Жуырда «Алтын бесік» реалити-шоуы көрермендерге жол тартады - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жуырда «Алтын бесік» реалити-шоуы көрермендерге жол тартады

  • Жұма, 08 Қыркүйек 2017 08:28

Жуырда «Хабар» арнасында тағы бір жаңа жоба. Көрермендерге жол тартатын «Алтын бесік» реалити-шоуы туған жеріне тағзым етуді естен шығармай, ауылын көркейтіп, дамытуға атсалысып жүрген азаматтардың ісін насихаттайды.

12 бөлімнен тұратын бағдарламаға кейіпкерлер ретінде туған жерінің, ауылының көркеюіне атсалысып, қол ұшын созып жүрген танымал кәсіпкерлер, эстрада мен спорт жұлдыздары, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер майталмандары мен өзге де ерен еңбегімен ел аузына іліккен тұлғалар қатысады. Бағдарлама форматының ерекшелігі ондағы кадрдан тыс мәтіннің де кейіпкер дауысымен дыбысталатындығында. Көрермен кейіпкердің сұхбатын тамашалап, оның өмірбаяны мен қызықты оқиғаларын өз аузынан естіп қана қоймай, дикторлық қабілетін де бағалай алады. Көрермендер ауылдан шыққан танымал тұлғалардың өз аузынан туып өскен өлкесіндегі көне кесенелер, мұражайлар, ескерткіштер мен маңызды тарихи оқиғалар орын алған жерлер туралы мәліметтермен таныса алады. Сонымен қатар бағдарлама кейіпкері балалық шағына оралып, өзімен қатар өскен құрбы-құрдастарымен бірге сүйікті ойынын ойнап, көрерменді тәнті етеді. Жоба тек туған жерді көрсетумен шектелмей, кейіпкердің өскен өңіріндегі үйі мен оқыған мектебін таспаға тартып, ұстаздары, туған-туысы, дос-жараны әңгімеге араластырады. Шығармашылық топ әр бағдарламада кейіпкерлердің елді елең еткізер қызықты оқиғаларын, өмірінің көпшілік біле бермейтін, жасырын болып келген тұстарын көрермен назарына толық ұсынады.

Олай болса, әр демалыс күні «Алтын бесік» реалити-шоуын өткізіп алмаңыздар!

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.