Хабар телеарнасы

Khabar Day: «Хабар» Агенттігінің кәсіби мамандары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шеберлік сабақтарын өткізді

Шеберлік сабақтарының форматы да өзгеше. Телевизия саласында 20 жылдан аса еңбек етіп келе жатқан Ерлан Игісінов, Қымбат Хангельдина, Асқар Серғалиев сынды «Хабар» Агенттігінің кәсіби мамандары болашағын телевизия саласымен байланыстырғысы келетін студенттерге кәсіби маман болу үшін өзіңді қалай шыңдау керектігін түсіндірді. Алдағы уақытта мұндай тәжірибелер дәстүрлі түрде өтіп тұрады.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрайымының орынбасары:
- Басты мақсат – ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, жинаған тәжірибемізбен бүгінгі практикада қолданып жүрген кәсіби дүниелерімізбен жас студенттерге ақыл кеңес айту бөлісу.

«Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінен жыл сайын 150-ге жуық жоғары білімді жас түлеп ұшады. Сондықтан болашақ мамандарға мұндай тәжірибенің берері көп», – дейді ұстаздар.

Сағатбек Медеубекұлы, ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы:
- Заманауи технологияның ауысуына байланысты уақыт талабына қарай кәсіптің басында жүрген мамандардың келіп, нақты уақыттың адымымен бірге болып жатқан өзгерістерді кәсіби шеберлікті үйретуі тіпті пайдалы болады.

Дастан Қазтай, 2 курс студенті:
- Бізге бұл алдағы уақытта біліктілігімізді арттыруға, журналистік кәсібімізде шеберлікті қалыптастыруда ерекше фактор деп есептеймін.

Телевизия саласының болашақ мамандарын білім ордасының қабырғасынан бастап қалыптастыру маңызды. Осы мақсатта Темірбек Жұргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы мен «Хабар» Агенттігі бүгін ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды.

Бибігүл Нүсіпжанова, Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры:
- Біздің балаларымыз үшін бұл – керемет өндірістік база. Үлкен арналарда балалар өздерінің практикасын ұштайтындай жағдай жасалып отыр. Сондықтан бүгінгі меморандумға қол қою – бір жағынан тарихи дүние.

Өнер академиясын бітірген режиссер, оператор мамандар қазір телевизия саласында жемісті еңбек етуде. Ал биылдан бастап академияда «медиажурналистика» мамандығы ашылды.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев