13:00 Әрі қарай эфирде: Новости
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне Алан Әжібаев тағайындалды

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне Алан Әжібаев тағайындалды

2018 жылдың 11 мамыры күні Алмагүл Ахметжанова 2 жыл басқарған «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымы қызметінен кетті.

Басқарма Төрағасы қызметіне Алан Әжібаев тағайындалды, ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметін атқарған.

Қысқаша анықтама:

Алмагүл Ауғалиқызы Ахметжанова 1975 жылы 4 желтоқсан күні Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлеуметтану» мамандығы бойынша бітірген. Магистр дәрежесі бар. Агенттіктегі қызметін 1999 жылы бас редатор ретінде бастаған. Кейін продюсер, 2002-2004 жылдары бағдарламалар дирекциясы басшысының орынбасары, 2005-2011 жылдары бағдарламалар директоры, 2012-2016 жылдары – Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Алан Ғазизұлы Әжібаев 1974 жылы 22 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын радиожүргізуші ретінде бастаған. Бұған дейін «Караван радиосының» директоры, бас продюсер, «Айқын» және «Литер» қоғамдық-саяси газеттерінің директоры қызметтерін атқарды. Төраға қызметіне тағайындалмас бұрын ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметінде болды.