Өзекті

Junior Eurovision 2018: Финалистер анықталды

Junior Eurovision 2018: Финалистер анықталды

2018 жылғы 7 қыркүйек күні Астана қаласында «Хабар» Агенттігі «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық байқауы Республикалық іріктеуінің финалистерін хабарлады.

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен брифингте «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Алан Әжібаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев және Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Республикалық іріктеуден өткен қатысушылардың есімдерін атады.


Байқаудың финалистері:
1) Зере Әмірбекова - Алматы - 14 жас;
2) Динар Надирбекова - ШҚО - 13 жас;
3) Сүйкім Қабылбек - Астана - 12 жас;
4) Данэлия Тулешова - Алматы - 12 жас;
5) Ержан Максим - Орал - 11 жас;
6) Мария Затварницкая - Павлодар - 13 жас;
7) Мейіржан Жидебай - Ақтөбе - 12 жас4
8) Жанелья Қалдыбек - Астана - 12 жас;
9) Санат Асуат - Атырау - 13 жас;
10) Бинура Саудабай - Астана - 11 жас;

Финалистер Алматы қаласында өтетін гала-концертке дайындықты бастайды, аталмыш шара Қала күніне орай шаһар Әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Гала-концертті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Көрермендер өздеріне ұнаған қатысушыға SMS жолдау және телефон арқылы хабарласып дауыс бере алады. Сондай-ақ дауыс беруге әділқазылар алқасы да қатысады. Жеңімпаз халық дауысы және әділқазылардың ортақ шешімімен анықталады.


Гала-концертте финалистер бұған дейін еш жерде айтпаған әндерін орындайды. Сонымен қатар шарада отандық музыка саласының әртістері де өнер көрсетеді деп жоспарлануда.
Концерт аяқталған соң жеңімпаз 25 қараша күні Минск қаласында өтетін финалға дайындалады.


Анықтама үшін:
Республикалық іріктеуге өтінімдер 1-31 тамыз аралығында khabar.kz сайты арқылы қабылданды.


Қыркүйек айының басында 11 адамнан құралған әділқазылар алқасы Ұлттық іріктеудің финалистерін анықтады.

Әділқазылар құрамында Роза Рымбаева, Мейрамбек Беспаев, Тамара Асар, Бағым Мұхитденова, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Ренат Гайсин, Ләйлә Сұлтанқызы, Мәдина Садуақасова, Димаш Құдайберген және Алан Әжібаев бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ