Хабар телеарнасы

«Көктем шуағы» атты кездесу

«Көктем шуағы» атты кездесу

Елбасы әйел ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі екендігін айта келе, олардың қоғамдағы ролі жоғары екендігін тілге тиек етті.

Президент бала тәрбиесі, қоғамның тыныштығы нәзік жандыларға тікелей байланысты екендігіне баса назар аудара отырып, барша әйелдер қауымына зор денсаулық тіледі.  

Елбасымен мерекелік кездесуге сан түрлі кәсіп өкілдері жиналды. Бірі әскери салада еңбек етсе, кейбірі кәсіпкерлікпен айналысады. Дәрігерлер мен мұғалімдер, мәдениет пен өнер саласының майталмандары, депутаттар мен журналистер де бар. Ал көп бала тәрбиелеп отырған ардақты аналарға Елбасы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін тақты. 

 

ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ ОСЫНДА