Хабар телеарнасы

«Ең талантты!»

«Ең талантты!»

«Ең талантты!» деп аталған бұл байқауға еліміздің барлық аймағынан ерекше қабілеті бар, дарынды балақайлар өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Олар байқау шарты бойынша #дарындыхабар және #хабарталанты хэштегін белгілеп түрлі өнерлері бойынша сурет және видеоларын жіберуі тиіс еді. 

Нәтижесінде 200-ге жуық жас қатысушы атсалысып, өздерінің қаншалықты еңбекқор екендіктерін аңғарта білді. Мерейлі мереке күні ең талантты бүлдіршіндердің есімдері де белгілі болды. Жеңімпаз авторлар «Хабар» агенттігі атынан арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

Телевизия әлеміне саяхат жасай отырып, біздің арнаның жүргізушілермен естелікке суретке түсті. Назарларыңызға «Ең талантты» үздіктерінің бірсыпырасын ғана таныстырамыз! 

Барлық балғын балақайларды төл мерекелерімен құттықтай отырып, әрдайым жүздерінен күлкі кетпей, бақытты балалық шақтың куәсі болуларына тілектеспіз! Жеңістеріңіз құтты болсын!