Хабар телеарнасы

Елбасының Төрағалығымен өткен ҚХА-ның 24-інші сессиясы

Мемлекет басшысы өз сөзінде байлық та, бақыт та бірлікте екенін айтып, өңкей келісім шеңберінде өмір сүру ынтымақ негізі екеніне тоқталды.  

Нұрсұлтан Назарбаев: «Биылғы алқалы жиын ең қастерлі құндылығымыз Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық 25 жылдық тойының қарсаңында өтуде. Еліміздің Тәуелсіздік тарихы – татулық пен тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісім шежіресі, мызғымас бірліктің жылнамасы. Байлық та, бақыт та бірлікте. Еліміздің әлемге сыйлы, бай да бақуатты мемлекет болуына татулығымыздың тұтқасы Ассамблея зор үлес қосып келеді. Мен қоғамның барлық салаларында жемісті еңбек етіп жүрген сан түрлі этнос өкілдеріне зор ризашылығымды білдіргім келеді», – деді.   

Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан жер мәселесіне де қатысты өз пікірін білдірді. Президент Қазақстанның жері шетелдіктерге сатылмайтынын тағы да шегелеп тұрып айтты. Тек 25 жылға дейін жалға берілмек. Нұрсұлтан Назарбаев елді дүрліктіріп, шу шығарып жүргендерді де анықтап, жауапқа тартуды жауапты сала басшыларына тапсырды.