Хабар телеарнасы

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиыннан арнайы хабар

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиыннан арнайы хабар

«Бүгінде жаһандық саясаттағы дағдарыстар, санкциялар әлем экономикасының тәуекелдерін арттырып отыр. Әлемдік экономиканың бір бөлшегі болғандықтан, Қазақстанға да оңай соқпайды, соны әрбір қазақстандық қаперге алып жүруі керек. Сондықтан Қазақстанның да бекітілген бюджетінің шығынтарын ішінара қысқартуға тура келеді. Алайда ол қысқартулар халықтың әлеуметтік ахуалына еш әсер етпейді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сонымен қатар Президент Үкімет пен Ұлттық банк алдына тағы екі маңызды міндет жүктелетінін атап өтті. «Біріншіден – біздің экономиканы долларсыздандыру.  Екіншіден – инфляциялық үдерістерді тежеу. Елбасының айтуынша, бұлар «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының құрамдас бір бөлігіне айналуы керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ