Хабар телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев бойынша барлық жаңалықтар

Елбасы Н.Назарбаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Елбасы Н.Назарбаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің көрнекті мемлекет қайраткері және танымал саясаткері, Қаржы және өнеркәсіп министрі Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақан Сатаевты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Ақан Сатаевты қабылдады

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» президенті Ақан Сатаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көркем фильмдер түсіру жоспарлары мен отандық киноның сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Н.Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы «Алғыс» ордені табыс етілді

Н.Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы «Алғыс» ордені табыс етілді

Марапатты Астана және Қазақстан митрополиті Александр табыстап, Елбасының дінаралық және этносаралық татулық пен келісімді сақтауға сіңірген еңбегіне жоғары баға берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Рождествомен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Рождествомен құттықтады

«Бұл мейрам ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы болып келеді. Оның өзегінде зор жасампаз күш, үміт пен үйлесім ұялап жатыр. Мәңгілік рухани құндылықтар біздің елдегі барлық діндер мен этностар өкілдерінің басын біріктіріп отыр. Олар татулықтың, тұрақтылық пен бірліктің берік негізіне айналып, Қазақстанның қарқынды дамуына септігін тигізуде. Осы жарқын мерекеде баршаға баянды бақыт, игілік пен мықты денсаулық тілеймін!», – делінген құттықтауда.

Елбасы Н.Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Н.Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен болған тілдесуінде екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың, сондай-ақ екі ел халықтарының достық пен тату көршілік қатынастарының жоғары деңгейде жалғасып келе жатқандығы атап өтілді.