Жаңалықтар

Астана экономикалық форумында 500 спикер болады

Астана экономикалық форумында 500 спикер болады

Биылғы Астана экономикалық форумына қатысатын спикерлер саны рекордтық көрсеткішке жетеді. Бұл туралы шараға дайындық барысын баяндаған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Атап айтсақ, әлемдік деңгейдегі жиында 500 маман сөз алады. Ал тіркелген делегаттар саны қазірдің өзінде бес мыңнан асыпты. Олар мамырдың 17 мен 19 аралығында 11 тақырыпты талқыға салмақ.

Пікір алмасу тек қаржы, өндіріс мәселелерімен шектелмейді. Экология, цифрландыру, таза энергия, су қоры,  қалаларды дамыту мен адам өмірін ұзарту сынды күрделі трендтерде бар. Яғни Астана жаҺандық ауқымдағы шешімдерді іздестіру алаңына айналады. Форумның алғашқы екі күні тек талқылауларға арналса, соңғы күні нақты ұсыныстарды жинау жоспарланған.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі

-Спикерлердің саны көбейген сайын біздің форумның құндылығы арта түседі. Олардың арасында саясаткерлерден бастап, ірі экономистер, бірнеше елдің бұрынғы президенттері, денсаулық, табиғи ресурстар тақырыбымен айналысатын мамандар бар. Жалпы қоғамдық маңызға ие идея айта білетін, оны іске асырудың жолын көрсетер адамдарды жинауға күш салдық. Арасында адам, жалпы жер шарының болашағын болжайтын тұлғалар бар.

Булат Столяров, Астана экономикалық форумының бас продюсері

-Талқыланар тақырыптардың кез келген елге белгілі бір мөлшерде қатысы бар. Демек, олар сол мәселелердің ендігі шешілу барысын білуге мүдделі. Астана сондай алаңды ұсынып отыр. Елорда да «Азиялық басқару моделі» кітабының авторы, сондай-ақ қалардың даму бағытын жасаушы Карл Кастелле болады. Міне осындай әлемдік элиталарды жинаудың мүмкіндігі туды.