Хабар телеарнасы

Астана экономикалық форумының тақырыптар тізімі белгілі болды

Солардың біразы келесі аптада елордада өтетін Астана экономикалық форумының тақырыбына арқау болмақ.

Соңғы кезде жаһандық дәрежеде экономикалық теңсіздіктің өсуі байқалды. Мемлекеттер нарықтық тетіктерді жақсартып, экономикалық жүйенің тиімділігін арттыра ала ма? Бұл – Астана экономикалық форумында талқыланатын алғашқы тақырып.

Одан тыс бүкіл адамзатқа ортақ мәселелер бар. Жаһандық жылыну, халықаралық сауда мен қауіпсіздік. Қалалардағы халық санының артуы. Ал дәстүрлі энергия көздері сарқылып барады. Оған балама болатын жаңа шешімдер даяр ма?

Бүгінгі технологиялық ілгерілеу алтыншы тақырыпқа арқау. Жетіншісі – цифрлық әлемнің беталысы. Криптовалютаны енгізген қаншалықты дұрыс немесе мемлекетке келтірер қаупі қандай? Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік, кибершабуылдар мәселесі мен XXI ғасырдағы жаңа адам әлемі де жеке-жеке сөз болады.

Қазіргінің адамдары орта есеппен 80 жыл өмір сүреді. Олардың ғұмырын одан да ұзартуға бола ма? Форумның тақырыптар тізімі осындай алуан түрлі.