Хабар телеарнасы

АЭФ: Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран ынтымақтастығы

Солардың бірі – Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран ынтымақтастығын кеңейту жайы.

Бұл тақырыптағы панельді жиынға одаққа мүше 5 елдің өкілдері қатыспақ. Ал Иран атынан осы елдің өнеркәсіп, шахта және сауда министрі Мохаммед Шариат келеді. Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ бұған дейін еркін сауда аймағын құру жайлы уағдаласқан. «Алдағы 3 жылда осы бағытта бірлесіп жұмыс істейді», – деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов. Бұл бастама елдердің экономикалық байланысын нығайтпақ.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Иран 241 тауар түрін ұсынып отыр. Олардың алтауына тарифтік жеңілдік қарастырылған. Яғни баж салығы айтарлықтай төмен. Болашақта біз жалпы құны 8 млрд болатын тауарды экспорттаймыз. Осы мақсатта логистиканы дамытуға күш салынып жатыр.