Хабар телеарнасы

Астана экономикалық форумына әлем елдерінен мыңдаған делегат келеді

Арасында алпауыт компанияларды дөңгелетіп отырған миллионерлерден бастап ел басқарған басшыларға дейін бар. Сондай көп жұрт сөзіне құлақ асатын қонақтардың бірі – теориялық физика, әлем құрылысы сынды кесек тақырыптарда кесімді пікір айтып жүрген Митио Каку.

Америкалық ғалым – «Болашақтың физикасы», «Ақыл-ой келешегі», «Супер ішектер теориясына кіріспе» және «Мүмкінсіздік физикасы» деп аталатын бірқатар танымал кітаптың авторы. Ол өз тұжырымдары арқылы күрделі ғылыми теорияларды қарапайым тілмен жеткізіп жүр.

Жаһандық сын-қатерлер қаралатын алқалы жиынға Франсуа Олланд та арнайы келеді.

Францияны 5 жыл басқарған саясаткер қазір «Айнымас Франция» қорына жетекшілік етеді. 2015 жылы Франсуа Олланд ел басқарып тұрған кезінде Парижде Жаһандық климаттық келісім қабылданған болатын.