Хабар телеарнасы

Астаналық экономикалық форумында 75 іс-шара жоспарланған

Сондықтан әлемдегі өзгерістерге бей-жай қарамайтын, ғаламшарымыздың болашағына алаңдаушылық білдіріп отырған сарапшылар форум барысында Бірыңғай экономика әлемі, ғаламдық стратегия, қалалар әлемі, ресурстар, таза энергия сияқты мәселелерді бүге-шүгесіне дейін талқылап, шырмауы күрделеніп бара жатқан жаһандық түйткілдерді шешудің жолдарын ұсынуда. Әрі жаңа әлем адамының кейпін сипаттап, оның ұзақ өмір сүруіне жағдай туғызу мәселесін көтереді.

Қазір екі бірдей панельдік сессия аяқталды. Келесісі – Теңсіздіктің өршімелі өсімі. Қаржылық сегрегациямен күрес, Еуразияның бірыңғай экономикалық кеңістігін қалай құруға болады? 10 млрд-қа жуық адамзатты асырайтын технологиялар сынды тақырыптар төңірегінде іс-шаралар басталады. Онда Пан Ги Мун, Милка Соколович, Тигран Саргсян, Франсуа Олланд, Идрис Джала, Ато Браун сынды танымал тұлғалар өз ойларымен бөліседі. Жалпы Астана экономикалық форумында 75 іс-шара жоспарланған.