Жаңалықтар

ЕАЭО мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жайлы келісімге қол қойылды

ЕАЭО мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жайлы келісімге қол қойылды

Форум барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісім тараптар арасындағы өзара сауданы жақсартуға бағытталған. Бірақ бажды алып тастау не бейтарифтік бөгеттерді автоматты түрде төмендету қарастырылмаған. Мамандар қос тараптың қол жеткізген уағдаластықтарының маңызы зор екенін айтады. 2 жыл созылған келісімнің нәтижелі аяқталуы экономикалық тұрғыдан тараптарға оң әсер етеді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

- Біз шет мемлекеттердің де нарығын инвестициялаймыз. Оның ішінде Қытай да бар. Мәселен, Қазақстан тауар тасымалында транзиттік елдердің қатарына жатады. Сол сияқты Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де Ресей және Беларусь елдерімен осы бағытта өте белсенді жұмыстар атқарып келеміз. Қырғыз және армениялық әріптестермен тағы қандай ортақ жобаларды қолға алуға болатынын талдап көреміз. Бұл барлық тарапқа тиімді.

Тигран Саркисян, Еуразия экономикалық комиссиясының алқа төрағасы:

- Бүгінде сауда айналымы 100 млрд долларға жетіп отыр. Атап айтсақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экспорты өткен жылы 40 пайызға өскен. Біз үшін экспорттың әртараптандырылып жатқаны маңызды. Бүгінде бұл тек шикізат емес, көлік құрастыру сияқты дайын өнімдер.