Жаңалықтар

Шетелдік компаниялар агроөнеркәсіптік кешенге 300 млрд теңге инвестиция салады

Шетелдік компаниялар агроөнеркәсіптік кешенге 300 млрд теңге инвестиция салады

Шетелдің 10 ірі трансұлттық компаниясы еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне 300 млрд теңге инвестиция салады.

Әрі аталған саланы заманауи технологиялар трансфертімен қамтамасыз етуге дайын. Тиісті меморандумға Астаналық экономикалық форумы аясында қол қойылды. Келісімнен кейін Италия, Израиль, Аустралия, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореядан келген инвесторлардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту сөз болды.

Че Юн Сок, Hyundai корпорациясының бас менеджері:

- 2025 жылға дейін Қазақстан нарығын 10 мың трактормен қамтамасыз ету туралы келісімге бүгін қол қойдық. Хюндай тракторларын құрастыратын зауыт Оңтүстік Қазақстан облысынан бой көтермек. Біз ұсынатын сапалы техниканың бағасы еуропа өнімдерінен анағұрлым арзан.

Серджио Комицили, ет өндіру және өңдеу компаниясының өкілі:

- Біз Алматы облысынан ет комбинатын салуды жоспарлап отырмыз. Кәсіпорынның өндірістік әлеуеті өте жоғары. Мақсатымыз жергілікті халықтан малды сатып алып, фасфут желісі мен ресторандарды сапалы өніммен қамтамасаз ету.