Жаңалықтар

Алдағы 15 жылда инновациялық төңкеріс болады

Жұма, 18 Мамыр 2018 12:37

Алдағы 10-15 жылда әлемде технологиялық төңкеріс әбден шегіне жетіп дамиды. Бірде-бір бизнес инновациясыз қаржысын ақтай алмайтын болады. Астаналық экономикалық форумына келген калифорниялық сарапшылар осылай деді. 

Митио Каку: Төртінші ғылыми революция экономиканың өсуіне алып келеді

Жұма, 18 Мамыр 2018 10:52

Астаналық экономикалық форумында талқыланған тағы тақырып – роботтану үрдісі. Ол адамзатты қайда жетелейді? Өркендеуге апара ма? Әлде жаппай жұмыссыздық белең алуы мүмкін бе? Танымал футуролог Митио Какудың пайымдауынша, роботтану заманында еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болады. 

«Осы орайда адамзаттың қайта машықтануы мен біліктілік деңгейін арттырып отыруы маңызды», – дейді ғалым.
Митио Каку, футуролог
-Біз бұл технологияларды барынша қолдауымыз қажет. Жасанды интеллект жаңа мамандықтар мен жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Ал оны қолданбайтын компаниялар банкроттыққа ұшырайды. Сондықтан бұл мүмкіндіктерді пайдаланып, көшке ілескеніміз жөн. Дәл осы төртінші революция экономиканың өсуі мен әл-ауқаттың артуына себеп болады.

Ғалымдар қартаймаудың жолын зерттеуде

Жұма, 18 Мамыр 2018 10:45

Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашудың аз-ақ алдында тұр. «Алдағы бірнеше онжылдықта өліммен күресетін дәрі ойлап табылады», – дейді мамандар. Ал егер адамдардың өмір сүру ұзақтығы 200 жас немесе одан да көп болса, азық-түлік тапшылығы пайда болмай ма? 

RSS арнасына жазылу