Хабар телеарнасы

«Хабар» ұжымы ардагер Алексей Ситниковтың шаңырағында болды

Қарт жауынгерді «Жеңіске құрмет!» шарасы аясында «Хабар» агенттігінің атынан тілшілеріміз құттықтап, теледидар тарту етті. 

Виктория Загаевская, Ардагердің шөбересі

-Менің атам Алексей соғыста жүргізуші болды. Осындай көлікпен снаряд тасыған. 16 жасында қан майданға аттанды. Атамның медальдарі өте көп. Ол – өте мейірімді, көңілді жан. Мен оны жақсы көремін, әрі мақтан тұтамын.

Алексей Ситноков соңғы кездері төсек тартып қалса да, Жеңістің 70 жылдығында аяғына тұрып, түсіру тобымызды өзі қарсы алды. Қан майданда жүргізуші болған жауынгер «Полуторка» көлігімен шайқас шебіне қару-жарақ, оқ-дәрілер жеткізіп отырған. Ардагер сол жылдарды ескі суреттерге қарап, еске алады.  

Алексей Ситников, Ұлы Отан соғысының ардагері      

-Мынау біздің бөлімше. Менің майдандас достарым. Осы суретке әрқайсысы өзінің аты-жөнін жазып қалдырды. Ешкім бөлінбей, бір-бірімізге тіреу болдық. Бұл – менің «Полуторкам». Соғыста осы көлікпен жүрдім.

Ардагер бір жолы жолда адасып, неміс жағына өтіп кеткен. Алайда алғырлығының арқасында аман оралды. Ұлы Жеңістен кейін әскери борышын жалғастырған ол генаралдың жүргізушісі болды. 

Онда да көлік айдап қана қоймай, тыңшыны ұстап берген. Қырағылығы үшін 500 рубль сыйақы да алып, демалысқа барып қайтқанын айтады. 

Алексей Ситников, Ұлы Отан соғысының ардагері

-Біздің бөлімшеге бір лейтенант келгіштей бастады. Мені үнемі әңгімеге тартып, сеніміме кірді. Кейін қай қаладан екенімді біліп, Петропавлдың әскери зауыттары туралы сұрай берді. Күмән тудырған офицер жайлы жоғары жаққа айттым. Сөйтсем, тыңшы екен. Олар оны бірден ұстап, жазасын берді.

Ардагердің қазір жасы 88-де. Қызының қолында тұрады. Ұлы Жеңісті келуіне себепкерлердің бірі болған қарт жауынгер бізбен бірге сол жылдарды еске алып, ән салды. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Вадим Пятков, Дмитрий Рура