×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95

«Жеңіске құрмет өңірде!»

Жеңіс күнін жақындатқандардың бірі – Бақытқали Әбжанов

Жеңіс күнін жақындатқандардың бірі – Бақытқали Әбжанов

«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» акциясы одан әрі жалғасуда.  Бүгін біздің тілшілеріміз Жеңіс туын жақындатқандардың бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері Бақытқали Әбжановтың үйінде болып, бейбіт заман ұрпақтарының алғысын жеткізіп қайтты.

Ардагерлерімізге құрмет көрсету шарасы аясында бұл шаңыраққа да «Хабар» агенттігі ұжымының сый-сияпатын ала келдік. 90-ның төріне шыққан ардагер Бақытқали ата алғысын айтып, қазан-ошақтың иесі Татьяна Ниловна тұрмысқа қажет мұздатқышқа өз бағасын беріп үлгерді.

Ақсақалдың жары оның костюмінің ауырлығын айтып күлдіріп жатыр. Ал әрбір медальдің «салмағын» тек Бақытқали қария біледі. 1942 жылы Батыс Қазақстанның Жанғали ауданынан майданға шақырылған Бақытқали Әбжанов 65-ші запастағы полктің снайперлік ротасына түседі. 1 жастағы бозбала нағыз кескілескен шайқасты Курск түбінде ұрыста көріпті.  

Бақытқали Әбжанов, Ұлы Отан соғысының ардагері 

-1943 жылы біздерді вагондарға отырғызып, оңтүстік майданға жеткізді. Курск түбіндегі ұрыста болдық. Бұдан кейін жаяу Белградқа қарай жол тарттық. Ұйқылы ояу жүруге болатынын сонда білдім.

Бақытқали ардагердің оң төсіндегі медальдардың бірі – Белград қаласын фашистерден азат еткені үшін  берілген. Еңбек майданына қатысқан Татьяна әжей де әңгімеге қосылды. 

Татьяна Әбжанова, еңбек майданының қатысушысы 

-Біз ол кезде 12 жаста болсақ та, шұлық пен киімдер тоқып, әскер қатарындағы азаматтарға естелікке кесте тігіп, майданға жіберетінбіз. Егісті алқаптарда да ерінбей еңбек еттік. Қиын заман болды ғой.

Бақытқали қария мен Татьяна әжейдің отау құрғандарына 64 жыл толыпты. Бүгінде олар 4 баладан 8 немере, 17 шөбере сүйіп отыр. Олар да «ерліктеріңізбен мақтанамыз» деген тілекпен мынадай сыйлық тарту етіпті.  

Авторлары: Алуа Маханбет, Ерлан Әбжанов