Хабар телеарнасы

«Бетпе-бет»

«Бетпе-бет»

«Бетпе-бет» бағдарламасы елдегі түйткілді мәселелерді талқылауды негізге алады. Пікір алаңында құқық, әлеумет, мәдениет, экономика, саясат және т.б. өзекті тақырыптар додаға түспек. Бағдарламаның басты мақсаты – маңызды мәселелерді көтере отырып, көрерменді мазалайтын сұрақтарға жауап іздеу.

Тақырыптардың барынша ашылуы үшін бағдарламаға елімізде жоғары мәртебеге ие, өзіндік жеке көзқарасы бар, салиқалы тұлғалар қатысып, белгілі бір мәселе төңірегінде салмақты ойларымен бөліседі, тақырыпты жан-жақты сарапқа салады.