Хабар телеарнасы

«Биле, Қазақстан!»

Жобаға билей алатын кез келген адам қатыса алады. Мыңдаған үміткердің арасынан 10 биші (5 ер, 5 қыз) таңдалып, 4 апта бойы тікелей эфирде ең үздік биші атану үшін сайыса түседі. 

Екінші маусым «Хабар» арнасының эфирінде 2017 жылдың қыркүйек айынан басталады. 

Іріктеу кезеңдері Қазақстанның ең үлкен қалаларында өтеді. Олар – Астана, Алматы және Шымкент. Ең мықты қатысушылар арасынан жұлдызды үйге 60 адам ғана билет алады. 

Финалда жұптар бөлініп, өнер көрсетеді. Жеңімпаз көрермендердің дауыс беруі арқылы анықталады.