«Ду-думан» - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Ду-думан»

«Хабар» телеарнасы «Әзіл майданы» атты ойын-сауықтық «Ду-думан» бағдарламасының кезекті төртінші маусымын ашық деп жариялайды. Жаңа маусым – әзіл-сықақ және сатира мерекесі. 

Жоба мақсаты – мемлекеттік қазақ тілі мен сахна тілінің дамуына үлес қосу. Авторлардың айтуы бойынша «Ду-думан» көрермендерді қазақ әзіл-сықақ театрларымен таныстырады. Сатира сардарлары  қазақы әрі тұрмыстық әзілдерді жандандырып, ұлттық брендке айналдырады. 

Жаңа маусымда «Нысана», «Шымкент-шоу», «Екі езу» және «ОҚО» әзіл-сықақ театрлары «ең үздік» атану үшін сайысқа түседі. Олар елімізге танымал әзіл-сықақ отаулары. Бұл актерлар әдемі әзілімен шынайы күлдіруге тырысуда.

Қатысушылардың әзілге деген шеберліктерін бағалайтын қазылар алқасының қатарында «Шаншар» театрының жетекшісі Уәлибек Әбдрайымов пен сатирик Алмат Сақатов болса, үшінші алқа мүшесі арнайы шақырылған қонақ. Сонымен қатар студия көрермендері де қойылымға өз дауысын беруге мүмкіндіктері бар. 13 бағдарламадан кейін жеңімпаз театр бас жүлденің сыйлығы микроавтобусты мінеді.

Бұл – көңілді думан, сіз көрген бағдарламалардан бөлек... Жеңімпаз атану үшін үлкен сынақтан өту керек. Алдын-ала дайындалған қойылым болмайды. Үміткерлерге тұрмыстық өмірдегі оқиғаларға қатысты тапсырмалар беріледі. Одан бөлек елімізге танымал тұлғалармен скетч ойнау мүмкіндігі бар. Күлкілі образдар, әдемі әзілдер, миниатюра, пародиялар мен әсем әндер сіздерді күтеді.  

Қазылар алқасының құрамында Тұңғышбай Жаманқұлов, Дулыға Ақмолда, Бекжан Тұрыс, Толымбек Әлімбек, Көпен Әмірбек, Лидия Каденова, Тұрсынбек Қабатов, Асқар Наймантаев сияқты танымал өнер майталмандары бар.

Жаңа жобаның қызықтарын әр сенбі сайын сағат 18.30-да «Хабар» телеарнасынан тамашалаңыздар!

 

 

Идея авторы: Ринат Думанұлы

Бас продюсер: Динара Адам

Атқарушы продюсер: Равиль Нуриев, Денис Сало

Креативті продюсер: Сергей Руцкий

Желілік продюсер: Эльвира Құламбаева

Сценарий авторы: Перизат Мырзахмет

Редактор: Шыңғыс Тәжікеев

ЖТС режиссері: Илья Кузыров

Қоюшы-режиссер: Александр Лещенко

Байланыс: +7 702 512 4526, +7 702 925 56 08, +7 (7272) 55 89 90

 

Бағдарламаның өткен маусымының толық нұсқасы осында

Аңдатпа

«Ду-думан» бағдарламасының жаңа маусымын әр сенбі сағат 18.30-да тамашалай аласыздар!

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.