«Экспедиция-25» - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Экспедиция-25»

Қазақстан тұмса табиғатымен, көрікті жерлерімен, тамыры терең тарихымен бай. Алайда баға жетпес сол сарқылмас қазыналарды барлығы бірдей көзбен көріп жүр деп айта алмаспыз.

Осы мақсатта Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылып, «Экспедиция-25» жобасы өз жұмысын бастаған болатын. Жоба барысында әртүрлі салада қызмет ететін 12 азамат еліміздің әр аймағындағы 25 бірдей мәдени-тарихи орындарына, ең ірі кәсіпорындарға, ғылым мен білімге еңбек сіңірген тұлғаларды танып-білуге сапар шегеді. Олар республика аумағының 25 000 километр жолын жүріп өту үшін автомобильді экспедиция ұйымдастырылды.

Туған жердің әр түкпірінде орналасқан табиғи сұлулық пен шежірелі тарихты тек сол аймақтың тумалары ғана жақсы біледі. Бұл бағдарламалар желісі өзге де Отандастарымыздың Қазақстанның ең танымал көркем жерлері мен табиғи қорықтарын танып-білуге, облыстардағы негізгі ерекшеліктерге куә болып, жергілікті халықпен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді.

«Экспедиция-25» – саяхат пен тарихты біріктірген теңдессіз жоба. Көрермендер саяхатшылар жол тартқан аймақтардың біразымен таныс болуы мүмкін. Бірақ ондағы Сіз мән бермеген әрбір детальды жоба саяхатшылары назардан тыс қалдырмады. Сондықтан бұл бағдарлама кез келген жанның дүниетанымын кеңейтіп, білімін арттыруға қосар үлесі зор.

Ішкі туризмді дамытып, туристік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Экспедиция-25» бағдарламасын 10 қыркүйектен бастап көре аласыздар!

 

Жоба жетекшісі: Әділет Есекеев

Продюсері: Зарина Мұхамедали

Редактор: Әсел Рысбек

Байланыс: +8 (7172) 731-945, +87015019864

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.