«Кел, шырқайық!» - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Кел, шырқайық!»

Қазақстандықтар жақсы көретін демалыс әдісі енді телеэкранда! Алғаш рет сүйікті әндерді бүкіл халық болып айтудың мүмкіндігі туды. 

«Кел, шырқайық!» жаңа телевизиялық жобасында әр жастағы өнер иелері кездесіп, караокеде ән салады. 

Аталмыш шоу тартымды жүргізушілер, қызуқанды ойыншылар, үнемі қолдайтын жанкүйерлер, әзіл-қалжың және қызықты оқиғаларға толы алаң болмақ. 

Жоба шарты:

Әр бөлімінде 6 қатысушы 3 турдан тұратын сайысқа түседі. Қазылар ойыншылардың өнерін кәсіби тұрғыдан бағалап, өз пікірлерін айтады. Көрермендер әншілерге қолдау білдіріп, ұнағандарына дауыс береді. Мұндағы ойыншы дегеніміз – елімізге белгілі өнер иелері. Олар: әншілер, актерлар, бір сөзбен айтқанда ән салғанды ұнататын тұлғалар.  

Байқауда заманауи, әлемдік, 90 жылдардағы, халық әндері, кинохиттар және  мультфильмдер мен балалар әндері орындалады. 

Арнамызда көрсетілетін шоу достық атмосферадан ешбір кенде болмайтынына сенеміз. 

«Кел, шырқайық!» сайысына қатысатын жұлдыздардың ең мықтысын бірге таңдайық!

 

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.