ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Пай-пай, 25»

«Пай-пай, 25»

Жобаның басты кейіпкерлері – Қазақстан және оның азаматтары. Бағдарлама Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы естен кетпес оқиғалар мен естеліктерді, жарқын көңіл-күйді айтып, өткенге лирикалық шегініс жасайды.

Қазақстан Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде қандай жетістікке жетті, мемлекетіміздің әлемдік аренадағы беделі қандай?

Білім мен ғылым, өнер және мәдениеттегі белестеріміз, алғашқы табыстар, серпіліс пен ұмтылыс, жарқын болашақ үшін тәуекелге бару, мақтаныш және таңданыс, үміттер мен армандар, мұның барлығы «Пай-пай, 25» бағдарламасында сөз болады.

Бағдарлама өз кезегінде бірнеше жанрды біріктіріп, әдемі үйлесім тапқан ерекше жоба болмақ. Мұнда дискуссияға да орын бар. Келген қонақтармен бағдарлама жүргізушілері әсерлі әңгіме, астарлы әзіл құрып, көрерменнің көңілінен шығуға тырысады. Сондай-ақ сарапшылар да пікір білдіріп, өз ойларымен бөлісіп отырады.

Ең бастысы телекөрермендер бағдарламамен бірге еліміздің Тәуелсіздік алған 25 жылын қайта бастан өткеріп, өткенге саяхаттай алады.

 

Жүргізушілер: Нұрсұлтан Құрман, Айгүл Иманбаева, Дархан Әбдуахит

Сарапшылар: Қымбат Досжан, Серікзат Дүйсенғазин