Хабар телеарнасы

Тағдыр тартысы

Сондықтан қиындық пен кедергі, қайғы мен қасірет, мұң мен өкінішке ұласқан жұмырбасты пенденің жүріп өткен жолы - өмір сабақтары. Бүтін отбасының, әрбір адамның тағдыры - тұтас қоғамның айнасы. Қоғамды өзгерту ұлт тәрбиесінен басталатыны сөзсіз.

Өмірдегі шынайы оқиға негізінде кейіпкер тағдыры арқылы баяндалатын деректі телехикая жұмыс іздеп тауы шағылған жанның өмірмен күресі, қызметтік махаббат хикаясы, ерлі-зайыптылардың кикілжіңі, шайқалған шаңырақ шері арқылы көрерменді ізгілікке шақыруды көздейді. Өмірдегі бақталастық пен бәсеке, өсек-аяң, қастандық пен зұлымдықтың текетіресінде кім жеңіске жетеді? Ене мен келіннің тартысы, ағайындылар арасындағы алауыздық, бір шаңырақтың астында күн кешкен абысындардың араздығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Соңы не болмақ?

Тағдыр тауқыметін арқалаған нәзікжандылардың тартысты өмірі, баласын жетектеген жалғызбасты аналардың азапты күндері, алаяқ жігіттерге алданған қыздардың мұңы бүтін бір оқиғаға жүк болмақ. Есірткіге еліткен бозбаланың өкініші, араққа арбалған азаматтың қасіреті көрерменді бей-жай қалдырмасы анық. Әр оқиға тағдыр. Әр тағдыр өмір сабағы. Өмірде қателік пен кемшілікке бой алдырған кейіпкерлердің тартысы арқылы өрбитін шиеленісті оқиға жақсылықты дәріптейді, кейіпкерлердің жан күйзелісі, шынайы сезімдері, көрген-білгендері көпшілікке ой салары даусыз.

 

Продюсер:

Толқын Сейдоллақызы

Қоюшы режиссерлер:

Арнұр Ташев

Алмагүл Әлішева

Сценарий авторлары:

Қанат Рамазан

Мейрамбек Таубалдиев

Операторлар:

Самат Шәріпов

Жанарбек Елеубек

Мейірбек Бесбаев

Атқарушы продюсер:

Меруерт Құрмашева

Диктор:

Мұрат Әбзелбаев

Редактор: 

Нәзира Зәру