Жоба туралы

«Topjarǵan»: 23 қыркүйектен бастап

«Topjarǵan» – әлем бойынша жүзден аса жобаны жүзеге асырушы Armoza Formats (Израиль) компаниясына тиесілі жаңа әлемдік форматтағы музыкалық шоу.

Жобаның басты ерекшелігі – алғашқы эфирде ақтық мәреге дейін өзінің үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалу үшін сайысатын төрт мықты орындаушының белгілі болуы.

Әр бөлімде жаңа қатысушылар финалист атану үшін үздік төрттіктің біреуін жекпе-жекке шақырады.

Ақтық сында Сайыс жеңімпазы атағы үшін төрт финалист бір-бірімен жарысады.

Эфирге шығу уақыты: прайм–тайм, демалыс күні

Жобаның қазылар алқасының құрамында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, композитор әрі продюсер Ринат Гайсин, жас рэппер Baller бар.

Шоуды әнші Мадина Сәдуақасова жүргізеді.

«Топжарған» музыкалық байқауы эфирге 23 қыркүйектен бастап шығады.