Жоба туралы

«Zerde»

«Zerde» BBC компаниясының әлемге әйгілі «Mastermind» жобасының форматы бойынша түсіріледі. Оның британдық нұсқасына 45 жыл. Осы уақыт аралығында жоба аналогы Жаңа Зеландияда, Үндістан мен Ресейде пайда болды.

Жалпы шоуға өзін білімді, нағыз зияткер санайтын кез келген азамат қатыса алады. Бағдарлама барысында салмақты, күрделі сауалдар қойылады.

Бірінші айналымда әр қатысушыға таңдаған тақырып бойынша қойылған сұрақтың жауабын шешу үшін 2 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.

Ал екінші айналымда қатысушылардың жан-жақтылығын тексеру үшін жалпылама сауалдар қойылады. Сондай-ақ ойлануға берілетін уақыт ұлғаяды.

Ұпайы жоғары қатысушы жеңімпаз атанады.

«Zerde» эфирге орыс тілінде шығады.