Хабар телеарнасы

«Жұлдызды жекпе-жек»

«Хабар» арнасы сүйікті әншілеріңізге жанкүйер болуға шақырады!

Себебі эстрада жұлдыздары киелі өнер алаңында өзара жекпе-жекке шығады. Олар тек өздерінің ғана емес, сонымен қатар қарсыластарының да құлақ құрышын қандырар хит әндерін орындап, бақ сынасатын болады.

Әр жұп 3 талап бойынша өнер көрсетеді. Бірінші өз әндерін айтады. Одан кейін қарсыласының әнін орындайды. Үшінші кезеңде жобаның бас төрешісі Мейрамбек Бесбаевтың таңдаған туындысын айтады. Басты талап әншілер тікелей өз дауыстарымен, яғни фонограммасыз айту керек.

«Жұлдызды жекпе-жек» жобасы жыл соңына дейін 12 бағдарламаны көрерменге тарту етпек. Әншілер сайысына 6 адамнан тұратын қазылар алқасы төрелік етеді. Дауыс беру жабық түрде болады. Ал қорытынды сын тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы кезеңге жеткен жұпқа көрермендер де өз дауысын бере алады. 

Әр сенбі күні сағат 19.15-те тартысты «Жұлдызды жекпе-жек» бағдарламасын көріңіздер!

Өнер иелерінің жанды дауыстағы орындауларын бірге тамашалайық!