A+ A A-

Пхёнчхан қаласына арнайы жіберілген тілшілер қосыны мәнерлеп сырғанау, фристайл, шаңғымен сырғанау, хоккей, коньки спорты, биатлон, шаңғы спорты, керлинг, тұғырдан секіру, екі сатылы шаңғы сайысы, скетлон, сноуборд, бобслей сынды жарыс түрлерінен хабар таратып, қызықты (эксклюзивті) материалдар әзірлейді.

Түсірілім тобы тәжірбиелі журналистер мен операторлардан жиналған, олардың арасында бұрыннан бері Олимпиада ойындарынан хабар таратып жүрген тілші Амангелді Сейтхан мен телеоператор Ерсін Мұхамбеталин, Сочи қаласындағы Олимпиадада қызмет атқарған Қанат Базылханов, сондай-ақ бірінші рет Олимпиада ойындарынан хабар тарататын жас тілші Сәби Байбосынов бар.

«Хабар» Агенттігінің Оңтүстік Кореядағы арнайы тілшісі Владислав Цойға Пхёнчхандағы жағдай, Олимпиада ойындары төңірегінде хабардар етіп отыру міндеті жүктелген.

Дүбірлі доданың комментаторлары: Жандос Айтбай, Ержан Жиренбаев, Айбек Қабылшаев, Сергей Райлян, Андрей Неклюдов, Асқат Жақаев.

 

Амангелді Сейтхан - тілші

Ерсін Мұхамбеталин - оператор

Қанат Базылхан - тілші

Сәби Байбусинов - тілші

Владислав Цой - тілші

Айбек Қабылшаев - комментатор

Андрей Неклюдов - комментатор

Асқат Жақаев - комментатор

Ержан Жиренбаев - комментатор

Жандос Айтбай - комментатор

Сергей Райлян - комментатор