A+ A A-

Жанкүйерлердің жалғыз арманы – спортшыларды жүлде тұғырынан көру

  • Бейсенбі, 08 Ақпан 2018 19:18

Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын дарабоздарды қолдаушылар жарыстың басталуын тағатсыздана күтуде.

Әлемдік доданы бастан аяқ жібермей көруге бекінген жерлестеріміздің жалғыз арманы – спортшыларды жүлде тұғырынан көру. 

ХХІІІ Қысқы Олимпиаданы көгілдір экраннан тағатсыздана күткен алматылық жанкүйерлердің қатары күн сайын артуда. Студенттер байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшыларға арнап әртүрлі флешмоб ұйымдастыруда. Олар – біреуге дос, туыс немесе сүйікті спортшы.

Арайлым Дүйсенова, қазақ спорт және туризм академиясының студенті:

– Өзім Имамбекова Айзаға жанкүйер боламын. Өйткені ол – менің құрбым, ол менің группаласым. Сол үшін оған үлкен-үлкен сәттілік, үлкен үміт артамыз. Сәттілік тілейміз!

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибрайымовтың айтуынша, спортшылар үшін жанкүйерлердің орны бөлек. 

Ермахан Ыбырайымов, Сидней Олимпиадасының чемпионы:

– Жанкүйерлердің рөлі өте маңызды. Неге десеңіз, «футболшылар алаңға шыққанда 11 футболшы болып шықса, он екінші футболшы ол – жанкүйерлер» дейді. 

Пхёнчхан Олимпиадасында елімізден 46 спортшы бақ сынайтын болса, олардың он төртеуі – спорт және туризм академиясының тәлімгері. Спортшыларымыздың көбі әлемдік рейтинг бойынша үздік ондықта.

Сәкен Майғазиев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

– Қысқы Олимпиадада біздің спортшыларымыз жақсы жетістіктерге жетеді деген ойдамыз. Жүлделі орындарға ие болатынына сенімдіміз, тақымымызды қысып отырамыз, тілекшіміз.

Төрт жыл бұрынғы Қысқы Олимпиадада елімізге Денис Тен медаль сыйлаған-ды. Бұл жолы отандасымыздан жанкүйерлер алтын күтіп отыр.

БЛИЦ: 

–Денис Тен және де басқа студенттерге жанкүйер боламыз. Және де олардың олимпиада ойындарында жеңіске жеткенін қалаймыз.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Радик Жақыпов

 
Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз