A+ A A-

Бүгін Қазақстан құрамасынан 11 спортшы жарысты бастайды

  • Сенбі, 10 Ақпан 2018 01:27

10 ақпан күні ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы медалисті анықталады. Олимпиада күнтізбесіне сәйкес, бүгін спорттың 5 түрінен спортшылар медальді сарапқа салады. Ал қысқы спорттың 4 түрінен іріктеу кезеңі жалғасады. Қазақстандық спортшылар спорттың 4 түрі бойынша бақтарын сынайды. Назарларыңызға 10 ақпанда ел намысын қорғайтын спортшыларды ұсынамыз:


Шаңғы спорты

Әйелдер. Скиатлон (7,5 км – классикалық әдіс, 7,5 км – еркін әдіс).

Басталуы - 13:15.

Қатысушылар: Анна Шевченко, Елена Коломина, Валерия Тюленова

Шана спорты

Ерлер (жекелей). Бірінші және екінші сырғанау

Басталуы - 16:10

Қатысушы: Никита Копыренко

Биатлон

Әйелдер. Спринт (7,5 км).

 Басталуы - 17:15

Қатысушылар: Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова, Дарья Климина

Шорт-трек

Ерлер. 1 500 м

Басталуы - 16:00, жартылай финал - 17:21

«Б» финалы -18:22;  «А» финалы — 18:28

Қатысушылар:  Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша

Әйелдер. 500 м.

Басталуы - 16:45

Қатысушы: Анастасия Крестова

Естеріңізге сала кетсек, Пёхнчханда Қысқы Олимпиада ойындары басталды. Төртжылдықтың басты додасы 25 ақпанға дейін жалғасады. Биыл Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 медальді сарапқа салады. Қазақстандық 46 спортшы спорттың 9 түрі  бойынша сынға түседі. ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.