A+ A A-

Шаңғы жарысында бақ сынаған спортшыларымыз алғашқы 50-лікке ілікпеді

  • Жұма, 16 Ақпан 2018 14:11
Шаңғы жарысында бақ сынаған спортшыларымыз алғашқы 50-лікке ілікпеді РИА Новости Украина

Бүгін Олимпиаданың 7-ші жарыс күні және Пхёнчхан төрінде кезекті медальдар жиынтығы сарапқа салынып жатыр.

Қазақстандық спортшы Сергей Ткаченко сағат 18:30-да трамплиннен секіру жарысында жүлдеге қол созып көреді. 

Ал ерлер арасында жаңа ғана аяқталған шаңғы жарысынан Денис Волотка, Евгений Величко мен Виталий Пухкало өкінішке орай, алғашқы 50-лікке де ілікпеді. 15 шақырымды еркін стильмен еңсеру сынында 115 спортшы арасынан топ жарған швейцариялық Дарио Колоньяның уақыты – 33 минут 43 секунд. 

Еске салайық, отандық спортшылардың қатысуымен өтетін жарыстарды «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Спорттық бәсекелердің жалпы кестесімен «Хабар 24» және «Хабар» арнасының сайттары арқылы таныса аласыздар.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз