A+ A A-

Юлия Галышева туралы 7 дерек

  • Дүйсенбі, 19 Ақпан 2018 14:48
Юлия Галышева туралы 7 дерек prosports.kz

Бұл күндері Пхёнчханда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы қола жүлдені салған Юлия Галышева туралы не білеміз?

1. Ол 1992 жылдың 23 қазанында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. Қазір Спорт және туризм академиясында оқиды.

2. Юлия 4-5 жасынан фристайл спортымен шұғылдана бастады, ал 10-11 жасында алғашқы жарыстарына шыққан.

3. Алғашқы әлем чемпионатына 2007 жылы қатысқан Юлия 30 спортшының ішінде 21-орынға тұрақтаған.

4. Пхёнчхан – Юлияның спорттық мансабындағы үшінші Олимпиадасы. Ол Ванкуверде өткен ойындарда 11-сатыға тұрақтаса, Сочидегі Ақ Олимпиадада 7-орыннан көрінді. Ол Сочиде төрешілер тарапынан алған әділетсіз бағасына наразы болып, спорттық мансабын аяқтағысы келген еді.

5. Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхард – еліміздегі фристайл спортын құтқарып қалған спортшылар. Бұл спорт түрін 7-8 жыл бұрын тіптен жауып тастағысы келген, бірақ қос спортшы халықаралық турнирлерде, Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсетіп, Қазақстандағы фристайлды сақтап қалды.

6. Галышева – «Азиада 2011» мен «Универсиада 2015» ойындарының алтын жүлде иегері, сондай-ақ әр түрлі жылдары әлем кубогы мен әлем чемпионатында биік тұғырдан көрінген.

7. Юлия бір ай бұрын қолын жарақаттап алған еді. Ол гипске оралған қолымен жарыс жолына шығып, елімізге алғашқы Пхёнчхан қоласын тарту етті. Оның медалі – Қазақстанның жалпы Қысқы ойындардағы 8-жүлдесі.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз