A+ A A-

Айза Мамбекова: Өзіңді табу үшін көп уақыт керек

  • Сәрсенбі, 21 Ақпан 2018 09:52

Дәл қазір қыздар арасында мәнерлеп сырғанаудан мұз айдынына екінші топ қатарында шыққан Алматы тумасы Айза қысқа бағдарламасын заманауи шығыс әуенінде орындап, төрешілерден 44,40 ұпай алды.

Айза Мамбекова, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның спорт шебері:

- Бүгінгі сырғанап өткен бағдарламам жаман емес. Бірақ одан да жақсы өнер көрсетуге болады. Жарақатқа қарамастан, бүгін осы айдағы, осы 2 аптаның арасындағы менің ең жақсы сырғанауым деп айта аламын. Осы маусымда ең қысқа бағдарламамыз біздің жаңа, жаңа музыканы алдық, шығыс мотивтері. Еркін бағдарламамен салыстырғанда әзірге кішкене үйренбедік. Күнде-күнде жаңа элементтерді қосып қосып тұрамыз. Сондықтан бағдарламада өзіңді табу үшін көп уақыт керек. Жалпы өз бағдарламам ұнайды. Басқа мәнерлеп сырғанаушылармен салыстырғанда менің элементтерім техникалық жағынан аса күрделі емес.

Ал жас та болса, тәжірибелі спортшымыз Элизабет Тұрсынбаева 4-ші топ құрамында өнер көрсетеді.

Өткен аптада ғана 18 жасқа толған жерлесіміздің реттік нөмірі – 23. Еске салайық, отыз мәнерлеп сырғанаушының тек 24-і ғана екінші кезеңге жолдама алады. Ол 23 ақпанда өтеді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз