A+ A A-

Бүгін қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті?

  • Сәрсенбі, 21 Ақпан 2018 21:03
Бүгін қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті? cdn1.img.rsport.ru

Ақ Олимпиададағы талас-тартыс жалғасып жатыр.

Оңтүстік Корея жеріндегі дүбірлі додада еліміз жалпыкомандалық есепте 25-орында, Латвия және де Лихтенштейнмен бөлісіп тұр. Қоржынымызда әзірге жалғыз қола. Оны фристайлшы Юлия Галышева салған болатын.

Ал бүгін жарыс жолына мәнерлеп сырғанаушы қыздар шықты. Мұнда ел намысын Айза Мамбекова мен Элизабет Тұрсынбаева қорғады. Өзінің қысқа бағдарламасында Айза Мамбекова 44,40 ұпай жинап, келесі кезеңге өте алмады. Ал қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева 57,95 ұпай жинап, 15-орынмен еркін бағдарламаға жолдама иеленді. Енді ол 23 ақпан күні өтетін сайыста жүлдеге таласып көрмек.

Сондай-ақ бүгін шаңғы спортынан командалық спринт бойынша жартылай финалдар өтті. Ерлер және әйелдер арасында өткен сынға Қазақстан құрамасы қатысып, финалға өте алмады. Қазақстан ерлер құрамасынан Денис Волотко және Алексей Полторанин қатысты. Олар жарысты жалпы 16 минут 30,10 секунд уақытта аяқтап, 14 ел ішінде 8-орынға табан тіреді. Ал Қазақстан әйелдер құрамасынан Анна Шевченко және Валерия Тюленова қатысып, олар тиісті межені 17 минут 57,04 секундта бағындырып, 11 ел ішінде 11-орынмен жартылай финалды сәтсіз аяқтады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз